Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде шала туған сәбилер саны қанша?

фото: pixabay.com

Елімізде шала туған сәбилер саны қанша?

17.03.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
4
👁️
WhatsappTelegramFacebook

2024 жылы елімізде 367 мың бала дүниеге келді. Оның ішінде 17 616 сәби немесе 4,8% мерзімінен бұрын босанған. Бұл әлемдік көрсеткішке сәйкес келеді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Әлемде жыл сайын 15 миллион бала мерзімінен бұрын босанады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен жылы Қазақстанда 17 616 жаңа туған нәресте мерзімінен бұрын босанған. Бұл жүктілік кезінде 36 аптаға дейін туылған және дене салмағы 2500 грамнан аз нәрестелер.

2008 жылы Қазақстан Дүниежүзілік еднсаулық сақтау ұйымының шала туылған нәрестелерді күту бағдарламасына қосылды. Осыған сәйкес елімізде тірі туу критерийлері енгізілді.

Сізге ұнауы мүмкін

Елімізде мүйізді ірі қара және ұсақ мал бағасы қанша?

Елімізде мүйізді ірі қара және ұсақ мал бағасы қанша?

08.05.2025
Ауылдарда дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатыр?

Ауылдарда дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатыр?

08.05.2025

Неонатологтардың жұмысының арқасында балалардың өмір сүру деңгейі артып, бүгінде 80%-ға жетті.

— Шала туған нәрестелердің өмір сүру көрсеткішін жақсарту үшін Қазақстанда ДДСҰ ұсынған және дәлелді медицина қағидаттарына негізделген өкпе тінінің жетілуіне арналған жаңа технологияларды және заманауи диагностикалық және емдеу аппаратурасы мен дәрілік заттарды пайдалана отырып, жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және қарқынды терапия әдістері енгізіліп, үздіксіз дамуда, — деп жауап берді министрлік Kazinform агенттігі жолдаған сауалға.

Сонымен, дене салмағы өте төмен 500-999 грам жаңа туған нәрестелердің өмір сүру үлесі 2009 жылы 19,1 пайыз болды, яғни осы салмақ дәрежесінде туғандардың бестен бір бөлігі ғана аман қалатын, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 51,3 пайызға жетті.

Салмағы 1000-1499 гр аралығындағы сәбилердің аман қалу үлесі 2009 жылы 56,1 пайыз болса, 2024 жылы 87,2 пайызға жетіп, өмір сүру деңгейі 1,6 есе артты.

Бұл оң динамикаға бірқатар мемлекеттік бағдарлама мен ұлттық жобалардың аясында қол жетті.

— Қазақстанда 240 босандыру ұйымы жұмыс істейді — аудандық бір деңгейдегі 140 аурухана, 59 перзентхана және екі деңгейдегі бөлімше, –– деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар, елімізде аналар мен нәрестелерге дер кезінде медициналық көмек пен шұғыл ота жасалатын 39 перинаталды орталық, 2 республикалық деңгейдегі босану мекемесі бар.

Сондай-ақ баланың ауруларын ерте диагностикалау мақсатында, дүниеге келгенен кейін бірден перзентханада тұқым қуалайтын метаболикалық ауруларды ерте анықтауға бағытталған және фенилкетонурия мен туа біткен гипотиреозға тексеруді қоса алғанда, неонатальды скрининг жүргізіледі.

— Дене салмағы өте төмен балаларда (2500 гр-нан аз) нәрестелердің ретинопатиясына скрининг жүргізіледі, одан кейін неғұрлым ерте мерзімде хирургиялық ем жасалады, –деп атап өтті министрліктен.

Шала туылған нәресте мен мезгілінде туылған баланың айырмашылығы неде?

Тері құрғақ және мыжылған, терінің түсі қызыл, қызарған, сүйектері өте нәзік болады. Сондықтан олар сынуға бейім.

Құлақ шеміршегінің толық емес өсуіне байланысты құлақтар кішірейіп, бас сүйегіне жабысып қалады. Шала туылған баланың сыртқы жыныс мүшелері де әлі өспеуі мүмкін.

Дененің барлық бөліктері мен жүйелерінің де өзіндік айырмашылықтары бар. Орталық жүйке жүйесінің жетілмегендігі баланың мінез-құлқына әсер етеді.

Қолдар мен аяқтардың қимылдары әдеттен тыс, кейде қолдар мен аяқтар тырысып жатқандай созылуы мүмкін.

— Сондықтан мұндай балаға арналған барлық процедура мен манипуляциялар ерекше күтімді қажет етеді. Өз ай-күні жеткенде шала туған нәрестенің толыққанды баладан еш айырмашылығы болмайды, — деп түсіндірді неонатолог.

Дені сау баланы дүниеге әкелу үшін қалай жоспарлаған дұрыс?

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының акушерлік гинекология және перинатология орталығының директоры Гүлжахан Сыдыққызы болашақ ана мен әке міндетті түрде жүктілікке дайындалуы керек екенін жеткізді.

— Ең алдымен жүктілікке дейін болашақ ана мен әке денсаулықтарын тексерту қажет. Бұл он екі мүшесі сау баланың дүниеге келуіне мүмкіндік береді. Дені сау анадан дені сау ұрпақ туады. Бойына бала біткен әйелдер денсаулығына және күнделікті өмір сүру салтына мән беруі керек. Яғни, дұрыс тамақтану, уақытында ұйықтау, таза ауада серуендеу қажет. Бұдан бөлек, ағзаға қажетті дәрумендерді ішуді әдетке айналдыру керек. Мұны тек дәрігердің тағайындауымен ішкені жөн, — дейді дәрігер.

Денсаулық сақтау министрлігі атап өткендей, болашақ ұрпаққа қамқорлық құрсақтағы нәрестені бақылаудан басталады.

Сондықтан барлық жүкті әйелдер міндетті скринингтік (пренатальды) тексеруден өтеді.

Егер жүкті әйелдің денсаулығында патология анықталса, мамандандырылған мамандардың қатысуымен консультация өткізіледі. Босану орны мен әдісі анықталады.

Репродуктивті жас – бұл әйел өміріндегі бала көтеруге, көтеруге және босануға қабілетті кезең. ДДҰ критерийлері бойынша 15 пен 49 жас аралығындағы кезең репродуктивті кезең болып табылады.

 

 

 

Тег: баланәрестешала туылған бала

Ұқсас материалдар

Елімізде мүйізді ірі қара және ұсақ мал бағасы қанша?

Елімізде мүйізді ірі қара және ұсақ мал бағасы қанша?

08.05.2025

Елімізде мал бағып, шаруашылықпен айналысу үшін қомақты қаржы керек, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Баға рейтингін жасау кезінде сиыр, ешкі, қой...

Ауылдарда дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатыр?

Ауылдарда дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатыр?

08.05.2025

Денсаулық сақтау министрлігі дәрігер тапшылығы мәселесін шешу бағытында қандай тетіктер іске асып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. - Кадрлар...

Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттағанды ұнатады?

Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттағанды ұнатады?

08.05.2025

2024 жылы 1 млн-нан астам Қазақстан азаматы шетелге саяхаттаған. Бұл туралы Туристік қамқор қорының директоры Асылхан Есілов айтты, деп хабарлайды...

Қандай заттарды пойызда тасымалдауға заңмен тыйым салынған?

Қандай заттарды пойызда тасымалдауға заңмен тыйым салынған?

08.05.2025

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол көлігінде тасымалдауға тыйым салынған заттар туралы жолаушылардың есіне салды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. — Қазақстан Республикасының заңнамасына...

Келесі
Қазақстанда некеге тұрудың ең төменгі деңгейі қай өңірде?

Қазақстанда некеге тұрудың ең төменгі деңгейі қай өңірде?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz