Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанда көлік жуу қанша тұрады?

фото: pixabay.com

Қазақстанда көлік жуу қанша тұрады?

13.05.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстанда көлік жуу, тазалықшылардың қызметіне жүгіну қызметі орта есеппен 3000 теңгеге шығып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Рейтинг құрастырған кезде көлік сыртын тазалау қызметіне ерекше назар аудардық. Ең төменгі тариф жеңіл автокөліктерге қатысты болса, одан әрі қарай көлік көлеміне байланысты баға жоғарылай береді. Автожуу орындарында «ГАЗель» секілді көліктерді жуу бағасы қымбат болып келеді.

Ең төменгі тариф Атырау қаласында тіркелді. Бұл жерде жеңіл автокөлікті небәрі 900 теңгеге жуғызуға болады. Ал Екібастұзда бұл қызмет құны 1200 бен 3600 теңге аралығында өзгеріп отырады.

Сізге ұнауы мүмкін

Елімізде қазіргі орташа жалақы көлемі қанша?

Елімізде қазіргі орташа жалақы көлемі қанша?

13.05.2025
Қазақстанның мақта өнімі қай елдерге экспортталады?

Қазақстанның мақта өнімі қай елдерге экспортталады?

13.05.2025

Оңтүстік астанамызда да тарифтер аса қымбат емес. Алматыда көлік жуу бағасы 1500-4500 теңгені құрайды. Айта кету керек, мұнда автожуу бекеттерінің саны көп және көрсетілетін қызметтің құны салыстырмалы түрде қолжетімді.

Петропавл мен Оралда бұл қызмет түрі шамамен 1900 теңгеден басталады. Бұл шаһарларда орташа баға 2000 теңгені құрайды. Павлодар, Семей, Ақтау, Түркістан және Талдықорған қалаларында да осындай деңгейдегі бағалар сақталған.

Өскеменде ең төменгі тариф — 2100 теңге, ал ең жоғарғысы — 4500 теңге. Одан кейін Қостанай қаласы келеді. Бұл жерде автокөлік жуу қызметінің бағасы 2200 теңге шамасында. Ал Көкшетауда ол 100 теңгеге жоғары – мұнда бұл қызмет 2300-4700 теңге аралығында.

Қарағанды мен Жезқазғанда бағалар бірдей. Мұнда көлік жуу 2400-4500 теңге аралығында. Бұл қалалардан кейін Ақтөбе орналасқан – мұнда баға 2500-8000 теңге арасында құбылады.

Келесі орында Қызылорда мен Шымкент тұр. Бұл қалаларда қызмет 3000 теңгеден басталады. Ең жоғары бағалар Тараз бен Астана қалаларында тіркелді – мұнда көлік жуу 3500 теңгеден басталады.

Қазақстандағы автожуу орталықтары тек көлік сыртын тазалаумен шектелмейді, сонымен қатар кешенді тазалау қызметтерін де ұсынады. Мәселен, «сыртқы кузов + салоны» қызметінде баға шамамен екі есеге көтеріледі. Сонымен қатар, жүксалғыш пен төсеніштер де жуылады. Қосымша, толықтай немесе қайталап жуу қызметтері 12-15 мың теңгеге дейін жетеді.

Сонымен қатар, елімізде көлікті өз бетіңше жуу мүмкіндігі де бар. Мұндай өздігінен қызмет көрсету бекеттерінде баға шамамен 500 теңгені құрайды.

 

Тег: бағакөлік жуу

Ұқсас материалдар

Елімізде қазіргі орташа жалақы көлемі қанша?

Елімізде қазіргі орташа жалақы көлемі қанша?

13.05.2025

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы I тоқсандағы жалақы көлемін атады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Ұлттық бюро мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы...

Қазақстанның мақта өнімі қай елдерге экспортталады?

Қазақстанның мақта өнімі қай елдерге экспортталады?

13.05.2025

Қазақстанда 25 мыңнан астам агроқұрылым мақта шаруашылығымен айналысады. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Мақта шаруашылығы —...

Үкімет тарапынан шетелдіктерге жер беріліп жатыр ма?

Үкімет тарапынан шетелдіктерге жер беріліп жатыр ма?

13.05.2025

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметте өткен брифингте жер мәселесі туралы тілшілер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі. −...

Дәрігер қателігінен науқас мүгедек немесе мерт болса жазалау дұрыс па?

Дәрігер қателігінен науқас мүгедек немесе мерт болса жазалау дұрыс па?

13.05.2025

Еліміздің тұрғындары дамыған мемлекеттерге қарағанда жедел жәрдем қызметіне 3-4 есе көп жүгінеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов айтты,...

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz