Қаскелең қаласына қарасты Алтын ауыл ықшам ауданының тұрғынынан “Оса Маркалы” травматикалық тапанша тәркіленді, деп жазады kaskelen.kz тілшісі аудандық полиция бөліміне сілтеме жасап.
Қарасай аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
“Қарасай аудандық ПБ қызметкерлері Қаскелең қаласының Алтын Ауыл ықшам ауданының тұрғынан К039579 нөмірлі “ОСА” маркалы тварматикалық тапанша алды”, – делінген хабарламада.
Аталған дерек Қарасай ауданы ПБ-ның СДТТБТ-не тіркелді.
“Қылмыстық Кодекстің 287-бабы 1-бөлігінде (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құралдарды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алуға) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тергеу амалдары басталды”.