Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қаскелең қаласының пайда болу тарихы

фото: ашық дереккөз

Қаскелең қаласының пайда болу тарихы

06.02.2024
Kaskelenkz
207
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Елімізде тарихы терең тұғырда жатқан қалаларымыз жеткілікті. Отырар, Ясы, Суяб секілді мекендер Қазақстаннан тыс жерлерде де халық аузынан табылып жатады. Ал аумағы жағынан кішірек қалаларға келетін болсақ ше? Мәселен, Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан Қаскелең қаласы. Бұл елді мекеннің шығу тарихы қайда жатыр? Қазір сонау орта ғасырларға бет бұрамыз.

Өткен тарихқа бойласақ, Қаскелең 7-9 ғасырларда қарлұқтар заманында Жетісуда салынған қоныстардың бірі саналады. Ертедегі деректерде 1218 жылы монғол шапқыншылары Қаскелең қонысын қиратқаны жайлы айтылады.

Ежелгі ру-тайпалар осы өңірдегі шұрайлы мал жайылымдары мен суармалы егіншілікке қолайлы жерлерге қоныс тепкен.

Сізге ұнауы мүмкін

Жер сілкінісі кезіндегі халықты жедел хабардар ету жүйесі іске қосылмақ

Жер сілкінісі кезіндегі халықты жедел хабардар ету жүйесі іске қосылмақ

11.03.2024
Қазақстандықтарға кредит берілмеуі мүмкін!

Қазақстандықтарға кредит берілмеуі мүмкін!

07.03.2024

1218 жылы моңғол шапқыншылары Қаскелең қонысын қиратты. Ресей империясы 1847 жылдан бастап Жетісуда өзінің бекінісін сала бастады. Осыған байланысты 1861 жылы Қаскелең қонысының орнына қаланың негізі болған казак-орыс станицасы салынып, алғашында “Любовный”, 1901 жылдан Қаскелең аталды.

1958 – 97 жылдапы көкөніс-сүт бағытындағы Ленин кеңшарының орталығы болып келді. Қаладағы 9 құрылыс мекемесі, баспахана, т.б. кәсіпорындар 1997 жылдан меншік түрін өзгертіп 5 ӨК-ке, 6 ЖШС-ке айналды. Сонымен бірге 450-ге жуық шаруа қожалығы құрылды.

Ал қаламыздың “Қаскелең” аталып кетуіне қатысты түрлі аңыздар мен деректер бар. Соларға көз жүгіртіп өтсек.

Аңыз бойынша, қазіргі Қаскелең жерін мекен еткен байдың екі ақын келіні болған екен. Екі келіні де айтысуға шақырған жігіт біткеннің бәрін жеңбей қоймапты. Сондықтан халық байдың ауылын “қос ақын келіннің ауылы” деп атап кеткен екен. Ал ол кейін қысқарып, “қос келіннің ауылы”, “Қоскелін” деп өзгерген. Кейін орыстілділер бұл ауылды “Қаскелең” деп атап, осы атау қалыптасып қалған дейді.

Тарихшылардың бір дерегіне сүйенсек, сол маңдағы өзен тау басынан тіке түсіп, алыстан көзге бірден көрінетін болғандықтан сондағы жұрт оны Қаскөлең деп атап кеткен екен. Сол өзеннің бойында қалмақ ауылы өмір сүрген. Араларынан аты өзеннің құрметіне қойылған Қаскөлең деген батыр шығып, атағы жан-жаққа тараған. Қазіргі Қаскелеңнің атауы сол батырдың құрметіне қойылуы мүмкін деген де дерек бар.

Тағы бір нұсқа бойынша, Қаскелең өзенінің атауы көне түрік тілінің “қашқа” және “йелең” сөздерінен шыққан. “Қашқа” сөзі қазақ тілінде “тасыған су, тасқын” дегенді білдіреді. Ал “йелеңді” желең, өскін деп аударуға болады. Этимологиялық сөздіктерде “Қаскелең” сөзін “Тасыған судың өскіні” деп аударған.

 

 

Тег: каскелентарих

Ұқсас материалдар

Жер сілкінісі кезіндегі халықты жедел хабардар ету жүйесі іске қосылмақ

Жер сілкінісі кезіндегі халықты жедел хабардар ету жүйесі іске қосылмақ

11.03.2024

Алматы әкімдігі жер сілкінісі және басқа да ықтимал ТЖ кезінде халықты жедел хабардар ету жүйесін іске қосады, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстандықтарға кредит берілмеуі мүмкін!

Қазақстандықтарға кредит берілмеуі мүмкін!

07.03.2024

Кейбір Қазақстандықтар кредит ала алмауы мүмкін, деп хабарлайды kaskelen.kz  Депутаттар банктер мен микроқаржы ұйымдары қарыз алушыны тиісті тексерусіз несие береді...

Алматыда қуатты жер сілкінісі!

Алматыда қуатты жер сілкінісі!

04.03.2024

Алматыда қуатты жер сілкінісі тіркелді , деп хабарлайды kaskelen.kz Алматыда магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі болды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі...

Алматылықтар жер сілкінісін сезді.

Алматылықтар жер сілкінісін сезді.

23.02.2024

23 ақпан сағат 10:08 Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді , деп хабарлайды Kaskelen .kz Бұл жер асты дүмпулері бұрын...

Келесі
“Қалай күн көреміз”: Семейде өртенген сауда үйіндегі бутик иелері шығынның өтеп берілуін талап етуде

"Қалай күн көреміз": Семейде өртенген сауда үйіндегі бутик иелері шығынның өтеп берілуін талап етуде

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz