Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жол үстіндегі қайыршыдан жүргізушіге келер қауіп көп

Жол үстіндегі қайыршыдан жүргізушіге келер қауіп көп

10.12.2023
Kaskelenkz
13
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Жолаушы да, көлік жүргізуші де күнделікті қайыршыларды көреді. Базарда, көшеде, вокзалда болсын, олар үлкен де, кіші де қалалардың ажырамас бөлігіне айналды. Жолдың бойында қолын жайып, өткен-кеткен көліктен көмек сұрайтындар саны көбеймесе азаймақ емес. Тіленшінің жол жағалап, көлік аралап жүруі ережені бұзу ма? Бұл жағдайда адам құқығы сақталады ма? Көлік жүргізушілерінің ойы қандай? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

«Алтын Орда» базары

“Алтын Орда” базарына қарай жолға шықтық. Бұл базар қай уақытта болмасын кептелісімен таныс. Ал кептеліс бар жерде тоқтап тұрған көліктен қайыр сұрайтындар да баршылық. Бірі қоларбасына таңылса, бірі он екі мүшесі сау жұмысқа қабілетті-ақ жандар. Енді бірі баласын жетектеп жүр, басқасы баласын бір бағытта, өзі басқа бағытта қайыр тілеп жүр.

Сізге ұнауы мүмкін

Жер сілкінісі кезіндегі халықты жедел хабардар ету жүйесі іске қосылмақ

Жер сілкінісі кезіндегі халықты жедел хабардар ету жүйесі іске қосылмақ

11.03.2024
Қазақстандықтарға кредит берілмеуі мүмкін!

Қазақстандықтарға кредит берілмеуі мүмкін!

07.03.2024

Осылай жолды кесіп, көліктерге жармасып, қол ұшын созуды сұрайтын тіленшінің бірі – Зухра. Тәжікстанттың тумасы. 6 баласы бар. Айтуынша, көліктер тоқтап тұрғанда, әсіресе кептеліс уақытында “жұмыспен айналысу” өнімдірек. Оның себебі, жаны ашып, ұсақ тиындарын іздейтін көлік жүргізушілері баршылық.

Зухраның кіші қызы (анасының рұхсатымен)

Зухраның кіші қызы (анасының

рұхсатымен)

«Күнделікті өлместің қамы үшін балаларымды жіберіп, өзім де шығып, кептелістегі көліктерге қол жайамыз. Балалардың қауіпсіздігіне уайымдаймын. Алайда басқа таңдауым болмайды. Баланы көрсе жаны ашып, көмек көрсететіндер табылады. Жалдамалы пәтерді төлеу үшін мен де балаларым да жұмыс істеуі тиіс. Жалданып, жалақыға жұмыс істегенше, күніне 10 мыңды осылай тапқанды құп көремін»,- дейді Зухра.
Кептеліс уақытында қайыр сұрап жүрген келіншек

Олар өтіп бара жатқан адамдарға құрметпен қарап, ақша сұрайды, әрине, жаны одан сайын ашысын деп Алланы да еске салады. Тұрғындардың айтуынша, соңғы уақытта автобусқа кіріп, құран аяттарын оқып, тіленшілікпен айналысу сәнге айналған.

«Жұмыстан 95 нөмірлі автобуспен қайтамын. Күнделікті, әсіресе жұма күндері жас балалар автобус аралап, құран оқып, көліктегінің бәріне алақан жайып шығады. Мұнысы тіпті ерсі»,- дейді Алтынай Көптілеуова.

Автобустағы адамдар

Ал такси жүргізушілері арасында жұмысына кедергі келтіреді деп шағымданғандар да, жаны ашып, түсіністікпен қарағандар да табылды. Алайда қауіпті жол бойында қайыр тілеген жандарға тоқтап, кетеліс тудыратын, тіпті жол апатына дейін жеткізе жаздаған жағдай да жоқ емес. Сондай такси жүргізушісінің бірі – Асылбек. Кептелісті күтіп, қайыршылықпен айналысуға шыққан әйелді өлтіріп ала жаздаған такси жүргізушісі мұндай жағдай тек бір рет қайталанбағанын айтады.

«Нәпақамды қала ішін аралап, такси болумен табамын. Алтын ордада тіленші көп. Көз алдымда қайыр сұраған баланы қағып кете жаздады. Бұл менің де басымда болған. Аяқ асты пайда болып, жолды кес-кестеген әйелді өлтіріп ала жаздадым. Тежегішті басып үлгермегенде, қазіргі жағдайым бір құдайға аян. Адам өлтіріп сотталар жайым жоқ. Алдын алу керек ғой»,- деп ренішін білдірді ол.

Құқық қорғау қызметкерлері тіленшілерді таратуға тырысады, бірақ әзірге еш нәтиже шығар емес. Біраз уақытқа жоғалған олар көп ұзамай өз орындарына қайта келеді.

Жалпы халықтың тіленшіге деген көзқарасы да әртүрлі. Көбі олардың тіленшілікті кәсіп көзіне айналдырғанын білсе де, жылаған бала, арбаға таңылған қартқа қалай жаның ашымасын? Қайыр сұраған жанға 5-10 теңгесін болсын тастап кетуге тырысады. Алайда, жолдағы адам құқығының, жүргізуші мен жолаушы құқығының сақталуы аса маңызды. Қолын жайған қайыршыға тоқтаймыз деп, өзгенің де өзіңіздің де өміріне қауіп төндіріп алмаңыз.

SDU университетінің 2 курс студенті Мөлдір Нүсіпжан

 

 

Тег: Алтын ОрдакаскеленкзҚайыршытіленші

Ұқсас материалдар

Жер сілкінісі кезіндегі халықты жедел хабардар ету жүйесі іске қосылмақ

Жер сілкінісі кезіндегі халықты жедел хабардар ету жүйесі іске қосылмақ

11.03.2024

Алматы әкімдігі жер сілкінісі және басқа да ықтимал ТЖ кезінде халықты жедел хабардар ету жүйесін іске қосады, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстандықтарға кредит берілмеуі мүмкін!

Қазақстандықтарға кредит берілмеуі мүмкін!

07.03.2024

Кейбір Қазақстандықтар кредит ала алмауы мүмкін, деп хабарлайды kaskelen.kz  Депутаттар банктер мен микроқаржы ұйымдары қарыз алушыны тиісті тексерусіз несие береді...

Алматыда қуатты жер сілкінісі!

Алматыда қуатты жер сілкінісі!

04.03.2024

Алматыда қуатты жер сілкінісі тіркелді , деп хабарлайды kaskelen.kz Алматыда магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі болды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі...

Алматылықтар жер сілкінісін сезді.

Алматылықтар жер сілкінісін сезді.

23.02.2024

23 ақпан сағат 10:08 Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді , деп хабарлайды Kaskelen .kz Бұл жер асты дүмпулері бұрын...

Келесі
Жанқош Тұраров екі белбеу иесі атанды

Жанқош Тұраров екі белбеу иесі атанды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz