Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде енді жол апаты орын алғанда жүргізушілер полиция көмегінсіз оқиғаны онлайн тіркеп өтемақы ала алады

фото: ашық дереккөз

Елімізде енді жол апаты орын алғанда жүргізушілер полиция көмегінсіз оқиғаны онлайн тіркеп өтемақы ала алады

01.12.2023
Керек - Дерек
413
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстанда жол қозғалысының жаңа ережелері енгізілмек. Бұдан былай жүргізушілер жол-көлік оқиғасын полицияны шақырмай-ақ онлайн тіркеп, сақтандыру компанияларынан қаржылай өтемақы сұрай алады, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Ішкі істер министрлігі жариялаған жол қозғалысының жаңа ережелеріне сәйкес 1 қаңтардан бастап тұрғындар жол-көлік оқиғасын онлайн тіркеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл үшін арнайы мобильді қосымшаны жүктеуі қажет.

“Егер екі адам келіссе, полиция шақырып не керек? Бірақ “жарайды, істеп беремін” деп, кейін қашып кететіндер болады, ол кезде қиын”, – деді жүргізуші Бақтияр Атамұратов.

Апатты онлайн тіркеу үшін қатысушылардың сақтандыру полисі жарамды болуы қажет және апаттан зардап шеккендер болмауы керек. Осылайша тәртіп бұзған жүргізуші полиция шақырмай-ақ айыппұлдан құтылады.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

“Олар бұл қосымшаға онлайн кіріп, сол жерде болған апаттың суреттерін жіберіп, тіркейді. Сақтандыру агенттеріне осы ақпарат беріліп, олар белгілі бір жүргізушіге келтірілген шығынды төлейді”, – деді ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Бұрылу кезінде жүргізушілерден қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа қатысушыларға кедергі жасамау талап етіледі. Бұрылған жағдайда көлік қарсы бетте келе жатқан көліктің жағына өтіп кетпеуі қажет. Бірақ сарапшылардың сөзінше, заңдағы мұндай кішігірім өзгертулер жалпы жолдағы жағдайды өзгертуге көмектеспейді. Қазақстанға кешенді құқықтық реформа қажет.

“Бізге жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі кеңесті жинап, жол қозғалысына қатысты әрбір мәселені түбегейлі қайта қарау керек. Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы заңға жаһандық жаңғырту қажет”, – деді жол қозғалысы қауіпсіздігі бірлестігінің басшысы Әрсен Шақуов.

Жаяу жүргіншілерге арналған қосымшалар да бар. Бағдаршамның жасыл шамы жанса да, адамдар қозғалысын аяқтап жатқан көліктерге жол беруі керек. Бұл кептелістің пайда болуына жол бермейді.

Тег: жол апатыонлайнполиция

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Нұрсұлтан Назарбаевтың “Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа” атты кітабы жарыққа шықты

Нұрсұлтан Назарбаевтың "Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа" атты кітабы жарыққа шықты

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz