Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанда табысы туралы декларацияны қанша қазақстандық тапсыруы қажет?

фото: ашық дереккөз

Қазақстанда табысы туралы декларацияны қанша қазақстандық тапсыруы қажет?

14.03.2024
Керек - Дерек, Жаңалықтар, Өзекті
34
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Жалпыға бірдей декларациямен Қазақстанның барлық ересегін, яғни 13 миллионға жуық адамды қамту жоспарланып отыр. Бұл жоспар 2025 жылдан бастап жүзеге асырылады, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

2024 жылы жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Алдымен декларацияны  заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары мен қатысушылары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары тапсырады.

Сондай-ақ Қазақстан Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) ақпаратына сәйкес, бұл жүйе Қазақстанның барлық ересегін – шамамен 13 миллион азаматты қамтуы мүмкін.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

Жалпыға бірдей декларацияны енгізу процесі төртінші кезең өтіп біткен уақытта толықтай аяқталады, бұл жүйеге алғашқы үш кезеңге қатыспаған еліміздің қалған азаматтары, яғни жеке құрылым қызметкерлері, үй шаруасындағы әйелдер, зейнеткерлер, студенттер және т.б. азаматтар кіреді.

Төртінші кезеңге барлығы 6,4 миллионнан астам адам қатысады. Бұл өткен кезеңдермен салыстырғанда, адам саны бойынша ең үлкен топ: жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңіне небәрі 580 мың адам қатысқан еді, ал екінші кезеңге 2,1 млн адам қатысқан.

Үшінші кезеңге шамамен 3,9 миллион адам қатысады. Сонымен қатар Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратына сәйкес, 13 ақпандағы жағдай бойынша 121 мың азамат 250.00 формасы бойынша бастапқы декларацияны тапсырып үлгерген.

Ал жүйеге бұрыннан бері қатысып келе жатқан 294 мың декларант 270.00 формасы бойынша кірісі мен мүлкі туралы декларациясын тапсырған.

Қазақстандықтар аталған декларацияны биыл 15 қыркүйекке дейін тапсырып үлгеруге тиіс. Декларацияны онлайн форматта мынадай сервистер арқылы тапсыра аласыз:

  • “Салық төлеушінің кабинеті” МКК порталы; “Электрондық үкімет” порталы;
  • Moldir декларацияны тексеру және тапсыру қызметі;
  • екінші деңгейлі банктердің бірінде қарастырылған мобильді қосымша;
  • e-Salyq Azamat және eGov mobile қосымшалары.

Сондай-ақ қазақстандықтар декларацияны қағаз құжат түрінде пошта арқылы немесе жеке барып тапсыруға құқылы. Алайда комитет өкілдерінің сөзінше, жалпы декларацияға қатысушылардың 99 пайызы онлайн форматта тапсыруды жөн көрген.

Тег: декларациязаң

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Қазақстандықтар ақшасының көп бөлігін қайда жұмсайды?

Қазақстандықтар ақшасының көп бөлігін қайда жұмсайды?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz