Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Келесі жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақы мөлшері қаншалықты өседі?

фото: ашық дереккөз

Келесі жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақы мөлшері қаншалықты өседі?

22.12.2023
Керек - Дерек
40
👁️
WhatsappTelegramFacebook

2024 жылы Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш пен төменгі күнкөріс шегінің өзгеруіне байланысты әлеуметтік жәрдемақы тағайындалғандар сәйкесінше көбірек қаражат алады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 692 теңгені құрайды. Ал ең төменгі күнкөріс шегі енді 43 407теңгеге жетеді. Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге.

Ерекше қажеттілігі бар адамдар алатын жәрдемақы

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда балалар футболының даму деңгейі қандай?

Қазақстанда балалар футболының даму деңгейі қандай?

24.06.2025
Азық-түліктің қай түріне бағаның ең төменгі деңгейі енгізілмек?

Азық-түліктің қай түріне бағаның ең төменгі деңгейі енгізілмек?

24.06.2025

2024 жылы мүгедектігі барлардың жәрдемақы мөлшері:

1-топтағылар – 95 495 теңге (2,20 күнкөріс деңгейі);
2-топтағылар – 79 435 теңге (1,83 күнкөріс деңгейі);
3-топтағылар мен 7 жасқа толмаған мүгедектігі бар балалар – 69 885 теңге (1,61 күнкөріс деңгейі).

2023 жылы 1 қыркүйектегі есеп бойынша Қазақстанда мүгедектігі бойынша 538 мың адамға әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған.

Ерекше қажеттілігі бойынша жәрдемақы тағайындау

Мүгедектік бойынша жәрдемақы алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығы немесе egov.kz арқылы өтініш жазу қажет. Өтінішпен бірге жеке куәлігі, мүгедектігі туралы анықтамасы, банктік шот туралы мәліметтерді тіркейді. Ведомствоаралық сараптамалық кеңестен, орталық әскери-дәрігерлік комиссиядан мүгедектік беру себебі туралы шешім талап етіледі. Ауруханадан алынған денсаулығындағы ақаулық туралы куәлік те қажет болуы мүмкін.

Асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы мөлшері

Марқұмның асырауында бір адам қалған болса – 37 330 теңге (0,86 күнкөріс деңгейі);
Екі адам болған жағдайда — 64 676  теңге (1,49 күнкөріс деңгейі);
Үшеу болған кезде – 80 303 теңге (1,85 күнкөріс деңгейі);
Төрт адам жағдайда – 85 077 теңге (1,96 күнкөріс деңгейі);
Бесеу болса – 88 116 теңге (2,03 күнкөріс деңгейі);
Алты және одан да көп адам – 91 589 теңге (2,11 күнкөріс деңгейі).

Екі ата-анасынан да айырылған балалардың әрқайсысына 51 2209 теңге (1,18 күнкөріс деңгейі) жәрдемақы беріледі.

Жерлеуге арналған біржолғы төлем – 52,4 АЕК немесе 193 460 теңге.

Асыраушысынан айырылған жағдайда жәрдемақы қалай тағайындалады?

Жәрдемақыны тағайындау үшін бірнеше құжат керек:

  • Азаматтық хал актілерін жазу органдарының анықтамасы;
  • Студенттер үшін оқу орнынан анықтама;
  • Қамқоршылықты белгілеу туралы құжат;
  • Тұлғаның қайтыс болғанын дәлелдейтін құжат.

Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар 

  • Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге 16 АЕК немесе 59 072 теңге;
  • Басқа әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлерге 4,8-ден 6,19 АЕК-ке дейін 17 722-ден 22 853 теңгеге дейін;
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға 6,19 АЕК 22 853 теңге;
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мүгедектік бойынша теңестірілген адамдарға 7,55 АЕК, 27 875 теңге;
  • Ұлы Отан соғысында көз жұмған немесе із-түссіз жоғалған жауынгерлердің жесірлеріне 4,48 АЕК, 16 540 теңге беріледі. Алайда ол қайтадан отбасы құрмауы шарт.
  • Социалистік еңбек ерлері, үш дәрежелі “Еңбек даңқы” ордендерінің иегерлері, “Қазақстанның еңбек ері” атағын иеленген азаматтарға 138,63 АЕК немесе 511 822 теңге;
  • “Халық қаһарманы” атанғандарға 138,63 АЕК, яғни 511 822 теңге;
  • Саяси қуғын-сүргін құрбандары мен одан зардап шеккен азаматтарға 1,07 АЕК, немесе 3 950 теңге;
  • Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға – 1,07 АЕК, 3 950 теңге жәрдемақы тағайындалған.
Тег: АЕКжәрдемақы

Ұқсас материалдар

Қазақстанда балалар футболының даму деңгейі қандай?

Қазақстанда балалар футболының даму деңгейі қандай?

24.06.2025

19 маусым – Дүниежүзілік балалар футболы күні. Бұл мереке 2001 жылдан бері FIFA мен БҰҰ Балалар қорының бастамасымен атап өтіледі....

Азық-түліктің қай түріне бағаның ең төменгі деңгейі енгізілмек?

Азық-түліктің қай түріне бағаның ең төменгі деңгейі енгізілмек?

24.06.2025

Сауда және интеграция министрлігі күнбағыс майы, ұн, тауық жұмыртқасы, арақ және тағы бірнеше өнімге бағаның ең төменгі деңгейін (БТД) енгізу...

Қазақстандық банктер мемлекетке қаншалықты қарыз?

Қазақстандық банктер мемлекетке қаншалықты қарыз?

24.06.2025

2023 жылдан 2025 жылдың мамырына дейін Қазақстандағы төрт екінші деңгейлі банк мемлекеттен алған 409,6 млрд теңге көлеміндегі қолдау қаражатын мерзімінен...

Қазақстанда жыл сайын инсульттан қанша адам қайтыс болады?

Қазақстанда жыл сайын инсульттан қанша адам қайтыс болады?

24.06.2025

Қазақстанда инсультке шалдыққандар саны артып барады, әсіресе бұл ауыр дерт жастар арасында жиілей түскен. Дәрігерлер бұған энергетикалық сусындарға тәуелділік пен...

Келесі
“Өмірімдегі ең ауыр нәрсе осы болды”: Ғаділбек Жанай анасынан айырылған кезін еске алды

"Өмірімдегі ең ауыр нәрсе осы болды": Ғаділбек Жанай анасынан айырылған кезін еске алды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz