18 қараша 2026, сәрсенбі
KASKELEN.KZ Қосу
Мұрағат

68 жастағы қарасайлық коронавирустан емделіп шықты

Бүгін Қарасай ауданында 68 жастағы тұрғын коронавирус індетінен жазылып шықты, деп хабарлайды Kaskelenkz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Kaskelen.kz редакциясы · 29 сәуір 2020
68 жастағы қарасайлық коронавирустан емделіп шықты
Фото: архив Kaskelen News

Бүгін Алматы облысы Қарасай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық ауруханасынан 1952 жылғы азамат індеттен айығып шықты. Ол Қарасай ауданы «Олимийская деревня» 19 км тұрғыны.

Бұл азамат ауруханаға 11 сәуірде түскен еді. Емделушіге 26-27 сәуірде қайталай жасалған анализдің нәтижесі теріс болып шықты.

Атап өтсек, бұл – Қаскелең қаласындағы ауруханадан коронавирус індетінен жазылып шыққан 9-шы, ал облыс бойынша 10-шы адам.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 29 апреля 2020 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.
Редакцияға жазу