18 қараша 2026, сәрсенбі
KASKELEN.KZ Қосу
Мұрағат

Алматы облысында 31 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте Алматы облысында 31 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kaskelen.kz редакциясы · 17 маусым 2021
Алматы облысында 31 адамнан коронавирус анықталды
Фото: архив Kaskelen News

Соның ішінде Талдықорған қаласы мен Талғар ауданында 7 жағдайдан, Еңбекшіқазақ және Қаратал аудандарында 4 жағдайдан, Қарасай ауданында – 3, Жамбыл ауданында – 2, Іле, Кербұлақ, Панфилов аудандары мен Текелі қаласында 1 жағдайдан тіркелді.

Сондай-ақ 12 адам жазылып шықты. Өңір «ЖАСЫЛ» аймақта. «Ауруханаларда 703 адам ем қабылдауда. Соның 30-ның жағдайы ауыр. 1 тәулікте 46 адам ауруханаларға ем қабылдауға жатқызылды. Жұқпалы аурулар стационарларындағы орындар 34,6 %-ке толған»,- делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі жариялаған хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, соңғы 3 күнде 4713 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді. Науқастармен қарым-қатынаста болған 3 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды. «Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 272 666. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 4907. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 168 324. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 4579»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 17 июня 2021 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.
Редакцияға жазу