18 қараша 2026, сәрсенбі
KASKELEN.KZ Қосу
Мұрағат

Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 53-ке жетті

Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны бүгін тағы 3 адамға артты, деп хабарлайды Kaskelenkz облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Kaskelen.kz редакциясы · 21 сәуір 2020
Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 53-ке жетті
Фото: архив Kaskelen News

Бүгін Алматы облысында тағы 3 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды.

Іле ауданы Өтеген батыр кентінің тұрғындары – 1967, 1975 және 1999 жылы туған азаматтардың мұрнынан жағынды алу мен COVID-19 инфекциясына алынған анализдерінің нәтижесі оң болып шықты. Қазір оларды Қарасай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жеткізу жұмыстары ұйымдастырылуда.

Сырқаттардың жалпы саны 232 адаммен, соның ішінде 13-імен үй ішінде, 219 адаммен жұмыста және сыртта қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олардың барлығы қазір дәрігерлердің бақылауына алынды.

Жалпы, Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 53-ке жетті.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 21 апреля 2020 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.
Редакцияға жазу