Мұрағат
Алматыда жол талғамайтын көлік әйелді мерт қылды
Алматыда жол талғамайтын көлік 28 жастағы әйелді қағып кетті, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматы облысы Қарасай ауданының 28 жастағы тұрғынын «Mitsubishi» көлігі қағып кетіп, мерт қылды. Жол-көлік оқиғасы түнгі сағат 22.00 шамасында Төле би даңғылында болды. Жол талғамайтын көлік тізгінінде 37 жастағы ер адам болды. Адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полицейлер тергеуді бастады», - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 15 июня 2021 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.