18 қараша 2026, сәрсенбі
KASKELEN.KZ Қосу
Мұрағат

Апатты жағдайдағы газ трубалары жөнделді

Жаңашамалған ауылдық округінің тұрғындары газ трубаларының апатты жағдайда тұрғаны жайлы дабыл қақты деп хабарлайды, Kaskelenkz тілшісі.

Kaskelen.kz редакциясы · 14 қаңтар 2020
Апатты жағдайдағы газ трубалары жөнделді
Фото: архив Kaskelen News

Жаңашамалған ауылы, Жансүгіров көшесінде газ трубалары мен бағандары қисайып кеткен деп хат жолдады тұрғындар. «АлматыГазсервисХолдинг» АҚ-на хабарласқанымен тиісті мамандар тек акт толтырумен шектелді деп шағымданды көпшілік.

Әсіресе, 9 қаңтарда Қаскелең қаласында болған жарылыстан кейін халықтың үрейі ұшқан.

Kaskelenkz ауыл тұрғындарының өтінішіне бей-жай қалдыра алмады. Келеңсіз жайт бірден @Kaskelenkz инстапарақшасында жарияланды. Бір қызығы жаңашамалғандықтар айлап жөндете алмаған газ бағаналары бірнеше сағат ішінде қалпына келтірілді.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 14 января 2020 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.
Редакцияға жазу