18 қараша 2026, сәрсенбі
KASKELEN.KZ Қосу
Мұрағат

Ауруханада ақ дастархан жайылды

Наурыз мерекесін Қарасай аудандық орталық ауруханасы да биыл ерекше атап өтті. Ақ желеңділер мейрамда денсаулықтарына орай ауруханада жатқан науқастардың көңілін көтеріп, ерекше көңіл күй сыйлады. Аста-төк дастархан жай…

Kaskelen.kz редакциясы · 23 наурыз 2019
Ауруханада ақ дастархан жайылды
Фото: архив Kaskelen News

Наурыз мерекесін Қарасай аудандық орталық ауруханасы да биыл ерекше атап өтті. Ақ желеңділер мейрамда денсаулықтарына орай ауруханада жатқан науқастардың көңілін көтеріп, ерекше көңіл күй сыйлады. Аста-төк дастархан жайып, сырқат жандарға құрмет көрсетті. Наурыз көже ұсынылып, мекеменің басшысы Ербол Жақсылықұлы ақжарма тілегін арнады. Өзі де ортақ дастархан басында отырып, емделушілердің ұсыныс-пікірін тыңдады.

Риза болған үлкендер жағы аурухана ұжымына ақ баталарын беріп, дәрігерлердің қиын әрі жауапты жұмысына сәттілік тіледі.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 23 марта 2019 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.
Редакцияға жазу