18 қараша 2026, сәрсенбі
KASKELEN.KZ Қосу
Мұрағат

Балалардың мерекесі

Халықаралық Балаларды қорғау күнін қарасайлықтар да атап өтті, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Kaskelen.kz редакциясы · 1 маусым 2019
Балалардың мерекесі
Фото: архив Kaskelen News

1 маусымда Қаскелең қаласындағы орталық стадионда мерекелік концерт ұйымдастырылды. Балдырғандарды қала әкімі А.Мұқашев құттықтап, жақсы тілегін жеткізді. Шара барысында түрлі байқауларда жүлделі орын алып жүрген қарасайлық кішкентай жұлдыздар ел алдында марапатталып, мерейлері өсті. Олар өз өнерлерін көрсетіп, әсем әндерін орындап, мың бұрала би де биледі. Осылай, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Бұл күні ұйымдастырушылар тарапынан, демеушілердің көмегімен балаларға тегін балмұздақтар таратылды.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 1 июня 2019 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.
Редакцияға жазу