18 қараша 2026, сәрсенбі
KASKELEN.KZ Қосу
Мұрағат

Бүгін Қарасай ауданында коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды

Бүгін Қарасай ауданында коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды, деп хабарлайды Kaskelenkz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Kaskelen.kz редакциясы · 4 сәуір 2020
Бүгін Қарасай ауданында коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды
Фото: архив Kaskelen News

Сырқат адам 1950 жылы туған, зейнеткер. Ол жақын арада шетелде болмаған. 3 сәуірде дене қызуы көтеріліп, басы ауырып, Қарасай ауданы Мерей ауылдық дәрігерлік амбулаториясына медициналық көмекке жүгінген.

Науқас қазір Қарасай аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде ем алуда.

Науқаспен байланыста болған 10 адам ауруханаға жатқызылды.

Еске салсақ, Алматы облысында індет жұқтырғандар саны 10-ға жетті, оның ішінде Қарасай ауданы бойынша анықталғандар - 5.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 4 апреля 2020 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.
Редакцияға жазу