18 қараша 2026, сәрсенбі
KASKELEN.KZ Қосу
Мұрағат

ЕРКЕБҰЛАННЫҢ ЕРЕКШЕ ЖЕТІСТІГІ

Бұл қарасайлық жас спортшы - Қасен Еркебұлан. Жуырда ол муайтайдан Қазақстан Республикасының спорт шебері деген атаққа ие болды.

Kaskelen.kz редакциясы · 4 қараша 2020
ЕРКЕБҰЛАННЫҢ ЕРЕКШЕ ЖЕТІСТІГІ
Фото: архив Kaskelen News

Еркебұлан спорттың бұл түрімен он үш жасынан бастап айналысады. Бұған дейін де спорт әлемінде талай белестерді бағындырған. Тек 2019 жылдың өзінде бірнеше жарыстарға қатысқан, Азия чемпионы да атанған.

Әрине жеткіншектің мұндай жетістікке жетуінде оның бапкері Халелов Равзанның сіңірген еңбегі орасан зор.

Айта кетейік, жас спортшымыз Қарасай ауданына қарасты Алмалыбақ мектебінің оқушысы.

Еркебұланға алдағы уақытта да жақсы жетістіктерге жетіп, тек биіктерден көрінуіне тілектеспіз!

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 4 ноября 2020 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.
Редакцияға жазу