18 қараша 2026, сәрсенбі
KASKELEN.KZ Қосу
Мұрағат

Кәріз суы сыртқа ағып жатыр

Редакциямызға Қаскелең қаласы, Іргелі көшесінің тұрғындары хабарласты. Олар үйлеріне көршілес орналасқан фитнес-клуб аумағынан кәріз суларының сыртқа, яғни көшеге ағып жатқанын айтып шағымданды. Бұл біріншіден, жағымсыз…

Kaskelen.kz редакциясы · 9 маусым 2020
Кәріз суы сыртқа ағып жатыр
Фото: архив Kaskelen News

Редакциямызға Қаскелең қаласы, Іргелі көшесінің тұрғындары хабарласты. Олар үйлеріне көршілес орналасқан фитнес-клуб аумағынан кәріз суларының сыртқа, яғни көшеге ағып жатқанын айтып шағымданды. Бұл біріншіден, жағымсыз иіс, екіншіден, көшеде бала-шағамыз ойнайды, олар үшін де бұл лас су қауіпті деп алаңдап отыр.

Біз осыған қатысты қаладағы су және кәріз жүйелеріне жауапты "Ж-Каскелең" ЖШС әкімшіліге хабарластық. Олар аталған мекенжайға арнайы мамандарды жіберіп тексеру жұмыстарын жүргізді. "Анықталғандай, бұл жеке аумақта орналасқан кәріз жүйесінен кеткен олқылық. Оған біз жауап бермейміз. Фитнес-клуб өздігінен жөндеу жұмыстарын жүргізуі тиіс", деп жауап берді аталған мекеме басшысы Ж.Бектасов.

Осыдан кейін біз фитнес-клуб басшысына хабарластық. Ол бұл проблеманың бар екенін және жуық арада кәріз жүйесін қалыпқа келтіремін деп уәде берді.

[https://www.instagram.com/tv/CBNGNeNHh3N/?utm_source=ig_web_copy_link ](https://www.instagram.com/tv/CBNGNeNHh3N/?utm_source=ig_web_copy_link )

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 9 июня 2020 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.
Редакцияға жазу