18 қараша 2026, сәрсенбі
KASKELEN.KZ Қосу
Мұрағат

"Мотокөлік" жедел - алдын алу шарасы өтуде

**Мотоциклды заңсыз басқару дерегі бойынша құқық бұзушыға төрт әкімшілік хаттама толтырылды**

Kaskelen.kz редакциясы · 10 қыркүйек 2020
"Мотокөлік" жедел - алдын алу шарасы өтуде
Фото: архив Kaskelen News

Қарасай ауданының жол сақшылары арнайы шара барысында мотоцикл тізгіндеген жүргізушіні тоқтатып, қолданыстағы заңнама талаптарын өрескел бұзғаны үшін оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің төрт тармағы бойынша айыппұл салды.

Қарасай ауданының полицейлері «Мотокөлік» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында мотокөлікті басқару кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаған жүргізушіні анықтаған. Құжаттарын тексеру барысында аталған көліктің мүлдем басқа адамға тиесілі екені және жүргізушінің мотокөлікті басқаруға құқығы жоқ екені банықталған.

«Бұл дерек бойынша мотокөлікті басқарған азаматқа қөлікті құжатсыз басқарғаны, міндетті сақтандыру құжатының болмағаны және мото басқаруға міндетті қажет етілетін дулығаның болмағандықтан 3 әкімшілік хаттама, сондай-ақ мотокөлік иесіне басқаруға құқығы жоқ тұлғаға көлігін сеніп тапсырғаны үшін бір хаттама толтырылды»,- деп атап өтті Қарасай ауданы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Ғалымжан Жолдасбаев.

Полиция өкілінің айтуынша, Қарасай ауданының жол сақшылары жыл басынан бері мотокөлік басқару кезінде заң талаптарын сақтамаудың 35 астам дерегін әшкерелеген. Әр дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынған.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 10 сентября 2020 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.
Редакцияға жазу