18 қараша 2026, сәрсенбі
KASKELEN.KZ Қосу
Мұрағат

Өмірден өткен Елбасының сыныптасы жайлы не білеміз?

21 наурызда Елбасының сыныптасы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қарасай ауданының Құрметті азаматы Сайлаубек Қыдыралиев дүниеден озды.

Kaskelen.kz редакциясы · 29 наурыз 2019
Өмірден өткен Елбасының сыныптасы жайлы не білеміз?
Фото: архив Kaskelen News

Ауданымыздың белгілі азаматы Сайлаубек Қасенбайұлы 1940 жылы Тұрар ауылында дүниеге келген. 1958 жылы Қаскелеңдегі Абай атындағы орта мектепті бітіріп, туған ауылында еңбек жолын бастайды. Қазақ педагогикалық институтының математика факультетін тамамдаған жас маман қарапайым мұғалімнен мектеп директоры қызметіне дейін жоғарылаған. «Қазақстан Республикасы білім беру саласының үздігі» атанған ол Байсалбаев атындағы орта мектепте 41 жыл жұмыс істеп, құрметті демалысқа шыққан. Ал 2003 жылдан бері аудандық ардагерлер кеңесін басқарып келген. Бірқатар марапаттардың иесі.

Сайлаубек Қасенбайұлы өзінің кіндік қаны тамған Тұрар аулында жерленді.

Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдың ақпан айында Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстазы, «Парасат» орденінің иегері Сейітхан Исаев дүниеден өткен еді...

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 29 марта 2019 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.
Редакцияға жазу