Оқушыларға тәтті таратқандардың кім екені анықталды
Қаңтар айының 14-де Шамалған округіндегі Үшқоңыр мектебінің маңында жүрген шетелдік азаматтардың кімдер екені анықталды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
Оқушыларға білезік пен тәтті таратқан ауданымыздағы христиан дінінің протестант тармағынан шыққан гуд-ньюс деген ағымды ұстанушы топтың мүшелері екені анықталды.Бүгін Қарасай аудандық әкімдігінде жиын өтіп, осы жағдай жан-жақты талқыланды. Аудан теологы Мағжан Құрман мен Шет тілдері және іскерлік карьера университетінің дінтанушы маманы Қуанышбек Назар олар осындай істері арқылы әлі де ой-санасы толығымен жетілмеген балаларды өздерінің ағымдарына тартып алғылары келгендігін жеткізді. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін оқушылармен жұмыс жасау керектігі, діни шаралар мен профилактикалық жұмыстар көп жүргізу қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, биылғы «Еріктілер жылы» елімізге өзге мемлекеттердің түкпір-түкпірнен волонтерлер атын жамылып миссионерлер келіп, әртүрлі шаралар өткізу арқылы өздерінің теріс ағымдарын насихаттаулары мүмкін екендігін және де ондай жағдайда дереу жергілікті учаскелік полиция инспекторына хабарласу қажеттігін жеткізді.
Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 5 февраля 2020 года.