18 қараша 2026, сәрсенбі
KASKELEN.KZ Қосу
Мұрағат

ПОЛИЦЕЙЛЕР АДАМ ӨЛТІРУГЕ ОҚТАЛҒАН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

Ағымдағы жылдың 28 қарашасы күні сағат 21:45 шамасында Қарасай ауданы ПБ кезекші бөліміне Қаскелең қаласы ОАА-дан "кеуде қуысының артқы жағының жарақаты" диагнозымен Шамалған станциясының 35 жастағы тұрғынының жеткізілг…

Kaskelen.kz редакциясы · 15 желтоқсан 2021
ПОЛИЦЕЙЛЕР АДАМ ӨЛТІРУГЕ ОҚТАЛҒАН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ
Фото: архив Kaskelen News

Ағымдағы жылдың 28 қарашасы күні сағат 21:45 шамасында Қарасай ауданы ПБ кезекші бөліміне Қаскелең қаласы ОАА-дан "кеуде қуысының артқы жағының жарақаты" диагнозымен Шамалған станциясының 35 жастағы тұрғынының жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.Аталған дерек ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі; 99-бабының 1-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша тіркелді.Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті, "Көкжиек"бау-бақша қоғамының саяжайларында тұратын Іле ауданының 37 жастағы тұрғынын анықтады.Тәртіп сақшылары оның орналасқан жерін анықтап, оны 7 - желтоқсан күні Алтын Орда базарынан ұстады. Ұсталған азамат ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес УҰО-ға қамаққа алынды.Ұсынылған дәлелдермен әшкереленген азамат қылмыс жасағанын толығымен мойындады.Оның айтуынша, ол 6 бөтелке сыра ішкеннен кейін дүкенге келген және оған дүкендегі сатушыға тиіскен сатып алушының мінез-құлқы ұнамаған. Осы орайда туған қақтығыс барысында ол қызметтік бөлмеден пышақты алып, жәбірленушінің артқы жағына бірнеше рет соққы жасаған және оқиға орнынан ізін суытқан. Ал қылмыс құралы-пышақты лақтырып жіберген және дәл қай жерге лайқтырғанын айта алмады.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 15 декабря 2021 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.
Редакцияға жазу