18 қараша 2026, сәрсенбі
KASKELEN.KZ Қосу
Мұрағат

Полицейлер ұстаған екі "жеңгетайдың" бірі Қарасай ауданынан болып шықты

-

Kaskelen.kz редакциясы · 3 маусым 2019
Полицейлер ұстаған екі "жеңгетайдың" бірі Қарасай ауданынан болып шықты
Фото: архив Kaskelen News

-

Алматы облысының тәртіп сақшылары жүргізген арнайы іс-шара барысында белгілі төлем үшін қалталы азаматтарға қызмет көрсететін жеңіл жүрісті әйелдерге «жеңгетайлық» көмек берген екі азаматша ұсталды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Заңсыз әрекетке ықпал еткен Талдықорған қаласындағы бір қонақ үйдің әкімшісі мен Қарасай ауданындағы сауна әкімшісіне қылмыстық өндіріс қозғалды. «Арнайы іс-шара барысында 50 және 38 жастағы екі азаматша адам саудасына қатысы бар деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, «жеңіл жүріске» түскен Қырғызстан азаматшасын Қазақстан Республикасының аумағында жүру ережесін бұзғаны және құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту және ел аумағынан шығару мәселесі қарастырылуда. Шетел азаматшасы қабылдағыш-реттегіш мекемеге орналастырылды»,- деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі. Өз кезегінде тәртіп сақшылары адам саудасы мен олардың құқығын шектеуге қатысты заң бұзушылықтармен күрес үнемі жүретінін жеткізді. Облыс тұрғындарын кез-келген дерек орын алған жағдайда полицияға хабыр беруге шақырды.

6 МИНУТ НАЗАД

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 3 июня 2019 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.
Редакцияға жазу