Мұрағат
Қарасай ауданы бойынша шектеу шараларын күшейту бойынша жаңа Қаулы шықты
**Қарасай ауданы бойынша шектеу шараларын күшейту бойынша жаңа Қаулы шықты. **
Қарасай ауданының бас санитариялық дәрігері Н.Олжабаевтың №10 қаулысына сәйкес, 22.07.2020 - 2.08.2020 жыл аралығында:
- аудан аумағындағы Іле Алатау ұлттық паркіне, Известковый шатқалы төңірегіне көліктердің кіруіне тиым салынады. Тек сондағы жергілікті тұрғындарға рұқсат етіледі.- табиғат аясында демалуға 3 адамнан артық немесе бір отбасы мүшелері болмаса, шығуға тиым салынады. Тамақ апаруға, от жағуға рұқсат жоқ.- діни мекемелердің жұмыс істеуіне тиым салынады. Құрбан айтқа мал онлайн режимде сатылуы керек.- маска тағу керек, той-жиын жасамау керек.
Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 23 июля 2020 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.