18 қараша 2026, сәрсенбі
KASKELEN.KZ Қосу
Мұрағат

Қарасай ауданында 56 келі есірткі тасымалдамақ болған ер адам ұсталды

Қарасай ауданында ірі көлемде есірткі тасымалдамақ болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Kaskelen.kz редакциясы · 22 маусым 2019
Қарасай ауданында 56 келі есірткі тасымалдамақ болған ер адам ұсталды
Фото: архив Kaskelen News

Таяуда Алматы облысы көлемінде «Допинг» жедел алдын алу іс-шарасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылған болатын. Осы кезде Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері Алмалыбақ ауылының маңында арнайы операция ұйымдастырған. Осылайша, полицейлер ірі көлемде есірткі тасымалдамақ болған 51 жастағы ер адамды қолға түсірді. Тәркіленген үш сөмкеден 56 келі марихуана табылған.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ұсталған азамат Тараз қаласының тұрғыны екен. Ірі көлемдегі есірткіні ол қай жаққа апармақ болғаны, өз ісін әрі қарай қалай жүзеге асырмақ болғаны сотқа дейінгі тергеу кезінде анықталмақ. Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ол бұған дейін де есірткіні заңсыз сақтап, тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен.

Сөз соңында жыл басынан бері өңір полицейлерінің күшімен, жалпы 400 келіге жуық түрлі есірткі заттары тәркіленгенін де айта кеткен жөн.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 22 июня 2019 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.
Редакцияға жазу