18 қараша 2026, сәрсенбі
KASKELEN.KZ Қосу
Мұрағат

Қарасай ауданында бір адам коронавирустан жазылды

Бүгін Қарасай ауданында коронавирус диагнозымен тіркелген алғашқы емделуші ауруханадан шықты, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Kaskelen.kz редакциясы · 10 сәуір 2020
Қарасай ауданында бір адам коронавирустан жазылды
Фото: архив Kaskelen News

20 наурыз күні коронавирус диагнозымен түскен азамат Қаскелең қалалық инфекциялық аурханасында толық ем алып, үйіне шығарылды. Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылының тұрғыны 1985 ж туған азамат 17 наурыз күні Меккеден Түркия мен Қырғызстан елдері арқылы Алматыға келген. Емделушіге 08.04.2020 ж. жасалынған қайта талдау нәтижесі теріс екенін көрсетті.

Пациентпен қарым-қатынас жасаған 2 азамат пен олардың отбасы шұғыл оқшауланып, дәрігерлер бақылауына алынған. Талдау қорытындысы теріс.

10 сәуір 2020 жағдай бойынша Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасында коронавирус диагнозы анықталған 7 адам ем қабылдап жатыр. Денсаулықтары қанағаттанарлық. Дене қызуы бірқалыпты. Шағымдары жоқ.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 10 апреля 2020 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.
Редакцияға жазу