Қарасай ауданында тағы бір адам вирус жұқтырды
Алматы облысында бүгін коронавирус инфекциясымен ауырған 19 адам тіркелді. Вирусты жұқтыру Талдықорған қаласында - 12, Кеген ауданында – 4, Талғар ауданында - 2, Қарасай ауданында - 1 жағдай, - деп хабарлайды [Kaskelenk…
Алматы облысында бүгін коронавирус инфекциясымен ауырған 19 адам тіркелді. Вирусты жұқтыру Талдықорған қаласында - 12, Кеген ауданында – 4, Талғар ауданында - 2, Қарасай ауданында - 1 жағдай, - деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 19 адамның 16-сы белсенді түрде анықталды, 3-уі медициналық мекемеге жүгіну кезінде белгілі болды. ПТР-талдау нәтижелері бойынша барлығына COVID-19 диагнозы қойылды. Ауырған адамдар алдын ала оқшауландырылып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.Олармен байланыста болған азаматтар да оқшау орналастырылып, коронавирустың бар-жоғын анықтауға зертханалық тексеруден өтуде. Эпидемиологиялық тексеру жалғасып жатыр. Бүгінгі күні Алматы облысында инфекцияны жұқтырғандар саны 238-ге жетті.
Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 21 мая 2020 года.