18 қараша 2026, сәрсенбі
KASKELEN.KZ Қосу
Мұрағат

Қасиетті айдағы қайырымдылық

Қаскелең қаласында орналасқан "Мадонна" мейрамханасының әкімшілігі мүмкіндігі шектеулі жандарға қуаныш сыйлады, деп хабарлайдыKaskelenkz тілшісі.

Kaskelen.kz редакциясы · 28 мамыр 2019
Қасиетті айдағы қайырымдылық
Фото: архив Kaskelen News

Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық жасауды көздеген мейрамхана басшылығы Қаскелең қаласындағы "Алтын ауыл" ықшам ауданында орналасқан "Күш-қуат" оңалту орталығын тегін тамақтануға шақырған. Ауласына енгеннен ерекше әсерге бөлейтін демалыс орнының тамаша сервисіне тәнті болып, уақытын көңілді өткізген мүмкіндігі шектеулі жандар жомарт жандарға зор алғыстарын білдіруде.

Сондай-ақ, осы жерден ерекше қонақтарды байқап қалған "Бахар" мейрамханасының басшылығы оңалту орталығына қаржылай көмек көрсеткен. Өз кезегінде "Күш-Қуат" орталығының жетекшісі Асылбек Жалдыбаев қайырымды азаматтарға үлкен алғысын білдіріп, барлық ұжым атынан ризашылықтарын жеткізуде.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 28 мая 2019 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.
Редакцияға жазу