Мұрағат
Қаскелеңге 150 бейнебақылау камерасы орнатылады
Қаскелеңнің көшелеріне бейнебақылау камералары орнатылады, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі zhetysupress - ке сілтеме жасап.
Нақты айтқанда, қазіргі таңда Алматы облысының аудандары мен қалаларындағы қоғамдық орындарда Полиция департаментінің кезекшілік пультімен байланыстырылған бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жалғасуда.Ағымдағы жылы қосымша Қапшағай қаласында – 500, Қаскелеңде – 150 және Жаркентте – 50 камера орнатылады. Сондай-ақ Талдықорған қаласы мен Бақанас, Кеген, Шонжы ауылдарында жалпы саны 515 бейнебақылау камералын сатып алу және орнату жұмыстарының жобалық-сметалық құжатталамарын әзірлеуге қажетті қаражат бөлінген.Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылдарда облысымыздың өзге елді-мекендерінде де жалғасатын болады.
Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 24 июня 2019 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.