18 қараша 2026, сәрсенбі
KASKELEN.KZ Қосу
Мұрағат

"Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде

Жолдардың бойындағы көлік апаттарының көбейіп кетуіне, сонымен қатар, олардың ішінде ауыр зардаптардың ұлғаюына байланысты, бұдан бөлек жүргізушілер арасында жол жүру тәртібін пысықтау мақсатында Алматы облысында «Қауіп…

Kaskelen.kz редакциясы · 4 сәуір 2019
"Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде
Фото: архив Kaskelen News

Жолдардың бойындағы көлік апаттарының көбейіп кетуіне, сонымен қатар, олардың ішінде ауыр зардаптардың ұлғаюына байланысты, бұдан бөлек жүргізушілер арасында жол жүру тәртібін пысықтау мақсатында Алматы облысында «Қауіпсіз жол» акциясы өткізілуде, деп хабарлайды Kaskelenkzтілшісі.

2-15 сәуір аралығында өтетін жедел алдын алу іс-шарасының нәтижелі болуына қарасайлық тәртіп сақшылары мықтап кіріскен. Талай жанның өмірін жалмаған жол апаттарын болдырмау мақсатында жүргізілетін түсіндіру-кездесу жұмыстарын полицейлер аудандағы кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі бойынша инспекторлармен бірлесе мектеп қабырғаларынан бастаған. Өйткені, мемлекетіміздің басты байлығы – адам, ал, балалар – ел болашағы.

Өз кезегінде әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Ерлан Қалдыбайұлы кейбір статистикалық деректерге тоқталып өтті. Оның айтуынша, жыл басынан бері аудан аумағында 74 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 17 адам қаза тапқан. 96 адам жарақаттанған, олардың ішінде балалар да бар.

Қаз қатар тізіліп сапқа тұрған оқушылар алдымен жол полицейлерінің жол жүру ережесі жайлы айтқандарын мұқият тыңдады. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, белсенділік көрсетті.

Мұнан кейін жасөспрімідер мектеп ауласына кірген тәртіп сақшыларының қызметтік көлігін қызыға тамашалап, қызығушылық танытты. Сонымен қатар, кездесуден алған әсерлерімен де бөлісті.

Сонымен қатар, бұл күні Қаскелең қаласындағы және Жамбыл ауылындағы үлкен жолдардың бойына жүргізушілерді жолда жүру тәртібін сақтауға шақыратын билбордтар ілінді.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 4 апреля 2019 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.
Редакцияға жазу