18 қараша 2026, сәрсенбі
KASKELEN.KZ Қосу
Мұрағат

Қоғамдық көліктер қатаң бақылауға алынды

Елімізде 10-17 қазан аралығында "Автобус" жедел алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. Шара қоғамдық көліктердің қатысы бар жол-көлік оқиғаларын болдырмауға бағытталған. Баспасөз қызметінің мәліме…

Kaskelen.kz редакциясы · 10 қазан 2019
Қоғамдық көліктер қатаң бақылауға алынды
Фото: архив Kaskelen News

Елімізде 10-17 қазан аралығында "Автобус" жедел алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. Шара қоғамдық көліктердің қатысы бар жол-көлік оқиғаларын болдырмауға бағытталған. Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері Алматы облысында автобус жүргізушілерінің кінәсі бар 316 көлік апаты тіркелген. Оларда барлығы 50 адам қаза тауып, 553-і зардап шеккен. Қарасайлық полицейлер де бұл науқанға білек сыбана кірісті. Қоғамдық көлік тізгіндегендерге жол ережесін бұзудың салдары қаншалықты қиын екені түсіндіріліп, заңды белшесінен басқандар жазаға тартылуда.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 10 октября 2019 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.
Редакцияға жазу