18 қараша 2026, сәрсенбі
KASKELEN.KZ Қосу
Мұрағат

Қырымбек Көшербаев Қарасай ауданына келді

Бүгін, Алматы облысына жұмыс сапары аясында, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Е.Көшербаев бастаған делегация Қарасай ауданына да ат басын тіреді деп хабарлайды Kaskelen.kz. Ата…

Kaskelen.kz редакциясы · 19 ақпан 2021
Қырымбек Көшербаев Қарасай ауданына келді
Фото: архив Kaskelen News

Бүгін, Алматы облысына жұмыс сапары аясында, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Е.Көшербаев бастаған делегация Қарасай ауданына да ат басын тіреді деп хабарлайды Kaskelen.kz. Атап айтқанда, Шамалған ауылындағы "Атамекен" орталығы мен «Úshqońyr» спорт кешенін аралап көрді. Делегация құрамында - ҚР мәдениет және спорт министрі - Ақтоты Райымқұлова, Алматы облысының әкімі - Амандық Баталов, Алматы қаласының әкімі - Бақытжан Сағынтаев болды. Спорт кешенінің директоры - Дәурен Төлеген қонақтарға мектептің тыныс-тіршілігін көрсетіп, іс барысымен таныстырды. Өз кезегінде қадірменді меймандар жас спортшыларға сәттілік тілеп, алдағы уақытта танымал чемпиондарды шығаруға тілектестіктерін білдірді.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 19 февраля 2021 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.
Редакцияға жазу