18 қараша 2026, сәрсенбі
KASKELEN.KZ Қосу
Мұрағат

"Судың тазалығына кім жауап береді?": Ауызсудан құрт шығып жатыр

Қарасай ауданы Қайнар ауылының тұрғыны Kaskelen.kzредакциясының Instagram парақшасына жантүршігерлік видео жолдады.

Kaskelen.kz редакциясы · 14 маусым 2021
"Судың тазалығына кім жауап береді?": Ауызсудан құрт шығып жатыр
Фото: архив Kaskelen News

Видеода ауызсудан шыққан тірі құрт бейнеленген.Тұрғынның айтуынша ауылда суға қатысты мәселе бірінші рет болып тұрған жоқ.

Сонымен қатар видеоның авторы бұл тіршілік көзінің ештеңеге жарамайтындығын айтып, "судың тазалығына кім жауап береді ?" деген сауалды қойды.

"Қайнардың суы.Ішетін суымызда мынандай әппақ құрттар жүр, жыбырлап.Одан қалса сумен араласып қоқым ағады, екі-үш күн сайын тазлап отыру керек"- деп ренішін білдірді ол.

Естеріңізге сала кетсек, ауызсуына қатысты мәселе Қарасай ауданының Шалқар ауылында да болған болатын.Тұрғындар судың топырақпен араласып ағып жатқанына шағымданғанын айтқан едік.Ал билік өкілдері мұны су құбырларында болып жатқан жөндеумен байланыстырғанымен, Шалқар ауылында ауыз су мәселесі әлі күнге дейін өз шешімін тапқан жоқ.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 14 июня 2021 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.
Редакцияға жазу