18 қараша 2026, сәрсенбі
KASKELEN.KZ Қосу
Мұрағат

Тозығы жеткен ойын алаңқайлары

Балалар алаңсыз ойнайтын орын жоқ. Ауладағы әткеншектер мен сырғанақтар адам көргісіз жағдайда. Әкімдік бұл мәселеге қашан көңіл бөледі деп редакциямызға хабарласатындардың қатары көп. Жергілікті атқарушы органдардан қа…

Kaskelen.kz редакциясы · 10 тамыз 2019
Тозығы жеткен ойын алаңқайлары
Фото: архив Kaskelen News

Балалар алаңсыз ойнайтын орын жоқ. Ауладағы әткеншектер мен сырғанақтар адам көргісіз жағдайда. Әкімдік бұл мәселеге қашан көңіл бөледі деп редакциямызға хабарласатындардың қатары көп. Жергілікті атқарушы органдардан қандай да бір жауап алмас бұрын жағдайды өз көзімізбен көруді жөн санадық. Бағытымыз - Қаскелең қаласындағы Төле би көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлер. Шынымен, ойын алаңдарының сиқы кеткен. Орындықтар сынған, сырғанақтар қираған. Айналасы қоқысқа, әбден өсіп, қираған шөптерге толы. Сонымен қатар, жан-жақтан жиналған балаларға бүгінде бар әткеншектер мен сырғанақтар аздық етеді. Балалар өздерінің шағын футбол алаңы болғанын армандайды.

Үлкендердің айтуынша, балалар өздері сындырады, барды дұрыс пайдалана алмайды. Бізді көре сала шағымын айта жөнелген тұрғындар ойын алаңдарына көптен көңіл бөлінбегендігін алға тартты. Тіпті, түнде мұнда жан-жақтан маскүнемдер жиналып, ойларына келгенін жасайды дейді. Ал, кейбірі ауладағы көршілер ойын алаңқайды өздері жинап, реттеп қоятындығын әңгімеледі. Тұрғындар арасында өзара татулық пен ауызбіршілік болса, барды дұрыс пайдалануға болар еді дейді көпті көргендер.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 10 августа 2019 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.
Редакцияға жазу