18 қараша 2026, сәрсенбі
KASKELEN.KZ Қосу
Мұрағат

Ұлы Жеңістің 75 жылдығын тойлау басталды

ҚР Ұлттық ұланы әскери бөлімі Қаскелеңде «Біз - Жеңістің мұрагерлеріміз!» атты республикалық еске алу эстафетасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. Ұлы Ж…

Kaskelen.kz редакциясы · 10 ақпан 2020
Ұлы Жеңістің 75 жылдығын тойлау басталды
Фото: архив Kaskelen News

ҚР Ұлттық ұланы әскери бөлімі Қаскелеңде «Біз - Жеңістің мұрагерлеріміз!» атты республикалық еске алу эстафетасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында республика көлемінде 5 ақпан мен 5 мамыр аралығында «Біз - Жеңістің мұрагерлеріміз!» атты эстафета өтпек. Игі шара Қарасай ауданына да келіп жетті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ардагерлер, ауданымыздағы барлық құқық қорғау және қорғаныс органдарының өкілдері, ауданымыздың құрметті әрі зиялы қауымы мен жастары қатысты. Сондай-ақ, Мәдениет үйінің фоесінде соғыс жылдарынан сыр шертетін суреттер және Бауыржан Момышұлының кітаптары қойылған көрме ұйымдастырылды. Бас қосуды концерттік бағдарлама түйіндеді.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 10 февраля 2020 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.
Редакцияға жазу