18 қараша 2026, сәрсенбі
KASKELEN.KZ Қосу
Мұрағат

Жамбылда полиция пункты ашылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарасай ауданы, Жамбыл ауылында полиция пункты ашылды.

Kaskelen.kz редакциясы · 16 желтоқсан 2019
Жамбылда полиция пункты ашылды
Фото: архив Kaskelen News

Оның ашылу салтанатына аудан әкімі Жандарбек Далабаев қатысты. Бұл аудан бойынша заманауи үлгіде салынған бесінші пункт. Оның құрылысын "Мақсат" ЖШС жүргізген.

Бұған дейін осы іспетті полиция бекеттері Жандосов, Елтай, Бекболат және Шамалған ауылдарында да ашылған. Мұндай бөлімшелердің ерекшелігі, олардың бір бөлігі учаскелік полиция қызметкерлерінің тұруына ыңғайластырылған. Ал екінші бөлігінде тәртіп сақшылары алаңсыз жұмыс жасай алады.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 16 декабря 2019 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.
Редакцияға жазу