18 қараша 2026, сәрсенбі
KASKELEN.KZ Қосу
Мұрағат

Жаңа маршрутты автобустар жүре бастады

«27 желтоқсаннан бастап Алматы мен Қаскелеңді байланыстыратын, «Сайран» - «Үшқоңыр» автобекеті аралығында қатынайтын №202 маршрутты автобустар жүре бастады» деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. Олардың жүру уақыты таңғы с…

Kaskelen.kz редакциясы · 28 желтоқсан 2018
Жаңа маршрутты автобустар жүре бастады
Фото: архив Kaskelen News

«27 желтоқсаннан бастап Алматы мен Қаскелеңді байланыстыратын, «Сайран» - «Үшқоңыр» автобекеті аралығында қатынайтын №202 маршрутты автобустар жүре бастады» деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. Олардың жүру уақыты таңғы сағ 5.40- түнгі сағ. 23.30 аралығы. Бағасы «Оңай» арқылы – 80 теңге, қолма-қол төлеу құны 150 теңге.

«Сайраннан» шыққан автобустар Қарасай ауданына қарасты «Үшқоңыр» автобекетіне барып, қайтар жолда Қаскелең қаласының Жанғозин, Наурызбай батыр көшелерін басып өтеді.

Маршрутты іске қосқан «Алматыэлектротранс» ЖШС баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл бағыттағы автобустар қарасайлықтардың сұранысына сай жүре бастаған.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 28 декабря 2018 года.
Қате таптыңыз ба, әлде жаңалығыңыз бар ма?
Редакция әр хатты оқиды.
Редакцияға жазу