Жастарға жұмыс ұсынады
24 қазанда, сағат 12.00-де Қаскелең қаласында орналасқан «Зәмза» сауда орталығының алдында «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Kaskelenkz. Бұл туралы ақпарат Қарасай ауданы әкімдігінің әлеуметтік желіде…
24 қазанда, сағат 12.00-де Қаскелең қаласында орналасқан «Зәмза» сауда орталығының алдында «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Kaskelenkz. Бұл туралы ақпарат Қарасай ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Мәлімденгендей, осы игі іс-шара мемлекеттік бағдарламаларды облыс жастарының арасында түсіндіру мен олардың саясатын іске асыру жөніндегі ақпараттық-насихат тобының жұмыс жоспарына сай қолға алынған. Аталған жәрмеңкені жұмыссыз жүрген аудан жастары үшін жаңа мүмкіндік деп санайды ұйымдастырушылар.
Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 23 октября 2019 года.