18 ноября 2026, среда
KASKELEN.KZ Добавить
Архив

300 шамалғандық отбасына тегін азық-түлік берілді

Шамалған ауылдық округінің әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарына тегін азық-түлік қоржындары таратылды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Редакция Kaskelen.kz · 9 апреля 2020
300 шамалғандық отбасына тегін азық-түлік берілді
Фото: архив Kaskelen News

Таяуда ғана аталған ауылдан шыққан атқамінер азамат Бауыржан Нұрғазыұлының демеушілігімен, І топтағы мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетілген болатын. Енді беделді кәсіпкер Қасым Сойырқас ауылдағы көпбалалы аналар мен өзге де мүмкіндігі шектеулі жандарға, барлығы 70 жанұяға жәрдем көрсетті.

Ауыл әкімі Ержас Тоқтасыновтың айтуынша, бүгінге дейін шамамен 300-ге жуық отбасына төтенше жағдайға байланысты азық-түлік қоржындары таратылған. Негізгі мақсат - қай кезде де округ әкімдігі мен аудан кәсіпкерлері халықпен бірге екеніне көз жеткізу.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 9 апреля 2020 года.
Нашли ошибку или есть новость?
Редакция читает каждое сообщение.
Написать редакции