18 ноября 2026, среда
KASKELEN.KZ Добавить
Архив

Әкім апатты ағашты жойды

Таяуда ғана Қаскелең қаласындағы төле би көшесі бойындағы №5 үйдің тұрғындары Kaskelenkz редакциясына хабарласып, аулаларында апатты жағдайдағы ағаштың өсіп тұрғанынан…

Редакция Kaskelen.kz · 30 мая 2019
Әкім апатты ағашты жойды
Фото: архив Kaskelen News

Таяуда ғана Қаскелең қаласындағы төле би көшесі бойындағы №5 үйдің тұрғындары Kaskelenkz редакциясына хабарласып, аулаларында апатты жағдайдағы ағаштың өсіп тұрғанынан хабардар еткен. Жергілікті атқарушы органдарға барып мән-жайды жеткізудің орынына, тұрғындар бұл мәселені шешуге бізден көмек сұраған.

Өз кезегімізде, біздің тарапымыздан жағдайды бейнелейтін суреттерді инста-парақшамызға жариялап, қала әкімінің назарын аудардық.

Міне, кеше ғана, Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев тұрғындар өміріне қауіп төндірген ағаш кесілген фотоесепті редакциямызға жолдады. Өте жылдам әрі сапалы жұмыс үшін қала мэріне алғыс айтамыз.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 30 мая 2019 года.
Нашли ошибку или есть новость?
Редакция читает каждое сообщение.
Написать редакции