18 ноября 2026, среда
KASKELEN.KZ Добавить
Архив

Аудан әкімі шамалғандықтар алдында есеп берді

17 ақпанда Қарасай ауданы бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру жиындары басталды, деп хабарлайды Kaskelenkzтілшісі.

Редакция Kaskelen.kz · 18 января 2020
Аудан әкімі шамалғандықтар алдында есеп берді
Фото: архив Kaskelen News

Биыл әкімдердің бұл басқосуы жаңа форматта болмақ. Аудан басшысы Жандарбек Далабаевтың халық алдындағы алғашқы есебі Шамалған ауылдық округінде өтті. Бұл күні жергілікті тұрғындар Үшқоңыр мектеп-гимназиясына жиналды. Бас қосуға Алматы облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы бастығының орынбасары Илияс Шайнусипов қатысып отырды. Алдымен халық алдында аудан әкімі Жандарбек Ермекұлы мінбеге шығып, 2019 жылы атқарылған жұмыстарды ретімен баяндады. Көпшілік ауданымыздың әр саладағы жетістіктеріне көз жеткізді. Сондай-ақ аудан әкімі Ержас Тоқтасынов басшылық ететін Шамалған округіне де тоқталып, қол жеткізген табыстарды тілге тиек етті. Әрине, қоғам болған соң, шешімін күтетін әлеуметтік мәселелер де жоқ емес. Жолдарды жөндеу, ауыз су мен жарық бағаналарын жүргізу сияқты мәселелерді тұрғындар алқалы басқосуда құлаққағыс етті. Ал, биыл Шамалғандағы мәдениет үйі жабдықталып, саябақ салынбақ.

Жиынның толық нұсқасын ютубарнамыздан көре аласыздар.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 18 января 2020 года.
Нашли ошибку или есть новость?
Редакция читает каждое сообщение.
Написать редакции