18 ноября 2026, среда
KASKELEN.KZ Добавить
Архив

Балалардың өмірі үшін қауіпті

Қаскелең қаласының тұрғындары Абылайхан мен Қонаев көшелерінің қиылысына жаяу жүргіншілер жолағы салынғанын қалайды. Себебі, арлы-берлі өтетін көліктер легі сиремейтін бұл жолдың бойы жұртшылық өміріне қауіп төндіреді,…

Редакция Kaskelen.kz · 30 мая 2019
Балалардың өмірі үшін қауіпті
Фото: архив Kaskelen News

Қаскелең қаласының тұрғындары Абылайхан мен Қонаев көшелерінің қиылысына жаяу жүргіншілер жолағы салынғанын қалайды. Себебі, арлы-берлі өтетін көліктер легі сиремейтін бұл жолдың бойы жұртшылық өміріне қауіп төндіреді, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Редакциямызға хабарласқан оқырмандарымыздың айтуынша, бұл маңнан әсіресе балалар көп қатынайды. Қауіпті жолдың арғы-бергі жағына жиі өтеді. Себебі, осы аумақта аудандық мәдениет үйі және балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі бар.

Осылайша, тұрғындар осы жолдың бойында орналасқан аудандық полиция басқармасының алдына жаяу жүргіншілер жолағын қойып, оқушылардың қауіпсіздігін ойламаған әкімдікке өкпелі.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 30 мая 2019 года.
Нашли ошибку или есть новость?
Редакция читает каждое сообщение.
Написать редакции