18 ноября 2026, среда
KASKELEN.KZ Добавить
Архив

Елбасы кубогінде топ жарған сәйгүліктің аты белгілі болды

Елордада жалпы ұзақтығы 25 шақырымға ұласқан Аламан бәйге аяқталды. Елбасы кубогіне арналған жарыста Алматы облысы Қарасай ауданының Мамай қара атты сәйгүлігі топ жарды.Шабдандоздың есімі Байқан Асанқұлов. Ол тұлпарымен…

Редакция Kaskelen.kz · 5 июля 2021
Елбасы кубогінде топ жарған сәйгүліктің аты белгілі болды
Фото: архив Kaskelen News

Елордада жалпы ұзақтығы 25 шақырымға ұласқан Аламан бәйге аяқталды. Елбасы кубогіне арналған жарыста Алматы облысы Қарасай ауданының Мамай қара атты сәйгүлігі топ жарды.Шабдандоздың есімі Байқан Асанқұлов. Ол тұлпарымен 13 айналым бойы топ арасында жүріп, тек соңғы айналымда қара үзіп алға шықты. Ат иесіне 4 млн теңге табысталды. Екінші орын Әулиета өңірінен келген Сармат атты тұлпарға бұйырды. Оған да қаржылай сыйақы берілді. Үшінші және төртінші болып, мәреге Батыс Қазақстан мен Алматы облысының тұлпарлары келді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 25 млн теңгені құрады. \

Айта кетейік, Аламан жарысқа елдің барлық өңірінен 40 сәйгүлік қатысқан болатын.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 5 июля 2021 года.
Нашли ошибку или есть новость?
Редакция читает каждое сообщение.
Написать редакции