18 ноября 2026, среда
KASKELEN.KZ Добавить
Архив

Kaskelenkz жобасының жаңалықтар топтамасы

Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев қаскелеңдіктермен өткен есепті-кездесу кезінде болашақта Қаскелең қаласын үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын айтып, қаланың көркін арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жа…

Редакция Kaskelen.kz · 2 февраля 2019
Kaskelenkz жобасының жаңалықтар топтамасы
Фото: архив Kaskelen News

Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев қаскелеңдіктермен өткен есепті-кездесу кезінде болашақта Қаскелең қаласын үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын айтып, қаланың көркін арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы ақпаратпен бөлісті. Жағымды жаңалықтар қатарын орталық алаңдағы Қарасай батыр ескерткіші қайта жасалып, қалада үлкен саябақ пайда болатыны жайлы мәлімет толықтыра түсті.

Ескертусіз келетін табиғаттың тосын сыйы халықты таңдандырудан жалықпайды. Қаңтардың соңғы күнінде жауған жаңбыр жұртшылықты әбігерге түсірді. Kaskelenkz ұжымы Алмалыбақ ауылында көктайғақтан құлап, көлік астына түскен әйелдің жағдайын сұрап, халін біліп қайтты.

«Қарлығаш» ықшам ауданында қандай мәселе қылаң берді? Жұртшылық неге наразы? Ал, ықшам ауданның негізін қалаған мекеме өкілдерінің жауабы қандай? Бұл жайлы тілшіміз баяндайды. Сонымен қатар, Kaskelenkz жобасының кезекті сауалнамасын жаңалықтар топтамасынан көре аласыздар.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 2 февраля 2019 года.
Нашли ошибку или есть новость?
Редакция читает каждое сообщение.
Написать редакции