18 ноября 2026, среда
KASKELEN.KZ Добавить
Архив

Латын қарпінде диктант жазды

Бүгін республика көлемінде 11.00-11.30 уақыт аралығында «ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ» өтті. Ол әр өңірде арнайы белгіленген орындарда, emle.kz, tilalemi.kz сайттары арқылы және «Шалқар», «Қазақ» радиоларынан тікелей эфирде ты…

Редакция Kaskelen.kz · 14 ноября 2018
Латын қарпінде диктант жазды
Фото: архив Kaskelen News

Бүгін республика көлемінде 11.00-11.30 уақыт аралығында «ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ» өтті. Ол әр өңірде арнайы белгіленген орындарда, emle.kz, tilalemi.kz сайттары арқылы және «Шалқар», «Қазақ» радиоларынан тікелей эфирде тыңдалынып, жазылды. Латын негізді қазақ әліпбиін насихаттап, практика жүзінде меңгеруге дағдыландыру мақсатындағы шараға ауданымызда да синхронды түрде жүзеге асып, қарасайлықтар белсене араласты.

Оны аудан әкімдігі, мәдениет және тілдер дамыту бөлімі, сондай-ақ, «Алматы облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» мекемесінің аудандық филиалы жүйелі түрде ұйымдастырды. Бір уақытта басталған ашық диктанттың тақырыбы «Рухани жаңғыру» деп аталды. Мұнда латын әліпбиіне қатысты емле ережелері мен ескертулер назарға алынды.

Статистикалық мәліметтер келтіретін болсақ, латын қарпін таңбалау бойынша білімдерін сынауға ауданымыздан барлығы 16 мыңнан астам тұрғын қатысқан. Оның ішінде 15 жастан асқан оқушылар, мемлекеттік және бюджет саласындағы қызметкерлер мен студенттер бар.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 14 ноября 2018 года.
Нашли ошибку или есть новость?
Редакция читает каждое сообщение.
Написать редакции