18 ноября 2026, среда
KASKELEN.KZ Добавить
Архив

Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына тағы 6 науқас жатқызылды

Алматы облысы Іле ауданында 6 тұрғын COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Kaskelenkz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Редакция Kaskelen.kz · 5 мая 2020
Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына тағы 6 науқас жатқызылды
Фото: архив Kaskelen News

Олардың барлығы да - бұған дейін сырқаттанған науқаспен байланыста болғандар. Олар - 1992, 1983, 1984, 1985, 1984, 1975 жылы туған азаматтар.

Олармен 42 адам қарым-қатынаста болған. Олар оқшауландырылып, індет ошақтарына дезинфекция жүргізілді. Эпидемиологичялық зерттеулер жалғасуда.

Аталған 6 науқас Қарасай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды.

Жалпы Алматы облысында індет жұқтырғандар саны -156-ға, ал жазылып шыққандар саны – 30 адамға жетті.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 5 мая 2020 года.
Нашли ошибку или есть новость?
Редакция читает каждое сообщение.
Написать редакции