18 ноября 2026, среда
KASKELEN.KZ Добавить
Архив

Қарасай ауданында 3500кг қауынды ұрлап кеткен

15 қыркүйекте 23 сағат 10 минутта Алматы облысы ПД Қарасай АПБ кезекші бөліміне Түркістан облысының 19 жастағы тұрғыны базарлардың бірінде белгісіз біреулер одан жалпы сомасы 245 000 теңгеге 3 500 килограмм қауын ұрлап…

Редакция Kaskelen.kz · 21 сентября 2021
Қарасай ауданында 3500кг қауынды ұрлап кеткен
Фото: архив Kaskelen News

15 қыркүйекте 23 сағат 10 минутта Алматы облысы ПД Қарасай АПБ кезекші бөліміне Түркістан облысының 19 жастағы тұрғыны базарлардың бірінде белгісіз біреулер одан жалпы сомасы 245 000 теңгеге 3 500 килограмм қауын ұрлап кеткені туралы хабарласты.Аталған факт ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді.Шақырту бойынша келген учаскелік инспектор бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын өткізіп, жұмысты шебер ұйымдастырып, Алматы қаласының 46 жастағы тұрғынын анықтап, ұстаған. Аталған күдікті ұрланған қауынды жүк көлігімен тасымалдаған жерінен ұсталған.Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік қылмыс құралы ретінде сотқа дейін арнайы тұраққа қойылды.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 21 сентября 2021 года.
Нашли ошибку или есть новость?
Редакция читает каждое сообщение.
Написать редакции