18 ноября 2026, среда
KASKELEN.KZ Добавить
Архив

Қарасай ауданында телефон ұрлығы бейнежазбаға түсіп қалды

Алматы облысы Қарасай ауданының полициясына Көксай ауылының 34 жастағы тұрғыны құны 50 мың теңге тұратын ұялы телефонының сауда орталықтардың бірінің автотұрағында автокөлік панелінен ұрланғаны туралы арызданған.

Редакция Kaskelen.kz · 24 июня 2020
Қарасай ауданында телефон ұрлығы бейнежазбаға түсіп қалды
Фото: архив Kaskelen News

Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде, аталған ұрлық дерегін Іргелі ауылдық округінің аға учаскелік инспекторы полиция майоры Е.Ташкенев ашты. Ол бейнежазбаны қарау барысында бейнеден бұрын ұрлық және тонау үшін бірнеше рет сотты болған Көксай кентінде уақытша тұратын 36 жастағы Өзбекстан азаматын таныған. Бір тәулік ішінде тәртіп сақшысы күдіктіні ұстап, одан ұрланған телефонды тәркіледі.

Күдіктінің бұрынғы соттылығы ескеріле отырып, ол тергеу судьясымен қамаққа алынды. Қазіргі уақытта айғақзат – телефон заңды иесіне қайтарылды. Жәбірленуші учаскелік инспекторға жедел қызметі үшін алғысын білдірді. Өз кезегінде, полиция қызметкерлері азаматтарды бағалы заттары мен ақшаларын оңай, қол жетімді жерлерде қалдырмауға, ұрлық жасауға мүмкіндік бермеуге шақырады.Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 24 июня 2020 года.
Нашли ошибку или есть новость?
Редакция читает каждое сообщение.
Написать редакции