18 ноября 2026, среда
KASKELEN.KZ Добавить
Архив

Қарасайлық жедел жәрдем қызметкерлері қаржылай қолдаудан қағылғандарына қапалы

Қарасайлық жедел жәрдем қызметкерлері қаржылай қолдаудан қағылғандарына қапалы. Бұл туралы олар 31 арна тілшілеріне айтқан болатын.

Редакция Kaskelen.kz · 30 мая 2020
Қарасайлық  жедел жәрдем қызметкерлері қаржылай қолдаудан қағылғандарына қапалы
Фото: архив Kaskelen News

Сонымен қатар, жедел жәрдем қызметкерлері әлі күнге коронавирусқа тест тапсырмадық деп уайымдап отыр.

Қарасай аудандық бөлімшесіндегі жүзден астам маман мемлекет белгілеген үстеме ақыға, қорғаныш құралдарына бөлінген қаржы қайда деп басшыларын сұрақтың астына алды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы медицина қызметкерлерінің үстеме ақыны талап етуі орынсыз, ол мәселе бұған дейін талқыланып жабылған дейді. Ал облыстық әкімдік коронавируспен күрес үшін тиісті миллиондар бөлінген деп, жедел жәрдем жұмысшылары қаржылай қолдаудан қалайша қағылғанына аң-таң.

Толығырақ сюжетте:

дереккөз: https://www.youtube.com/watch?v=2qzUtTdfUyQ&feature=youtu.be

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 30 мая 2020 года.
Нашли ошибку или есть новость?
Редакция читает каждое сообщение.
Написать редакции