Архив
Қаскелең қаласында Наурыз мерекесі тойланды
**Қаскелең қаласының орталығында Наурыз мерекесі аталып өтілді. Еңкейген қарттан бастап, бүлдіршінге дейін ат салысқан бұл мейрамда арнайы ойындар да ұйымдастырылды.**
Қазақтың ұлттық ойындары, мерекенін сәнін кіргізді. Оның ішінде күрестен бастап, күш жұдырықтасу ойындары да болды. Қала мейрамханалары, асханалары мен кафелері тарапынан тағамдар ұсынылды. Наурыз көже, палау сынды наурыз мерекесінің сәнін келтіретін тағам түрлері тегін таратылды.
Жергілікті халық үшін ұлттық ойындар мен қатар мерекеге орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Қазақтың ұлттық мерекесінің атмосферасын сезінген халық дән риза.
Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 22 марта 2018 года.
Нашли ошибку или есть новость?
Редакция читает каждое сообщение.